«Қараөткел ауылының ІТ мектеп-лицейі» КММ
Тәрбие жұмысы бойынша апталық есеп
2025 жылдың 17-20 наурыз аралығында төмендегідей жұмыстар атқарылды:
17 наурыз. Мәдиенет және ұлттық салт дәстүр күні.Ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттау мақсатында оқушылар арасында өзіні-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Салт-дәстүрімізді білесіз бе?» атты шара болып өтті https://www.instagram.com/it_licei_qaraotkel/reel/DHTH6WQNsMI
17 наурыз. Терроризмге қарсы оқу-жаттығу жұмыстары жасалды. https://www.instagram.com/reel/DHTjtiIN6Ge/?igsh=eXc0cHQ3czc2OTNp
18 наурыз. Ұлттық киім күніне орай шара. Бұл күн – ата-бабамыздың бай мұрасын, ұлттық болмысымызды дәріптейтін ерекше мереке. Қазақтың әрбір ою-өрнегі, әрбір ұлттық киімі – терең мағынаға толы, халқымыздың салт-дәстүрі мен тарихының айғағы. https://www.instagram.com/it_licei_qaraotkel/reel/DHVV6Vqtp9P
18 наурыз. Бата - адал ниет, шынайы тілек білдіру дәстүрі. Ұрпағына үлкеннен бата алуды, елдің тілегін, ықыласын алуды санасына сіңіріп отырған. «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деген халқымыз ежелден әрбір ісін батасыз бастамайтын. https://www.instagram.com/reel/DHU8CCntuhy/?igsh=MWtoc2QyNmRwcmdreg%3D%3D
19 наурыз. Даярлық топтарында Жаңғыру күніне орайластыра Наурыз мерекесі шарасы болып өтті. https://www.instagram.com/reel/DHVqI20sZs5/?igsh=Zm9rN3BtcWNsNnZ5
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлаы Азамат Құмарбекұлы және Нұрсәуле Сансызбайқызы , 5-6 сынып жетекшілері, 5-6 сынып оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алу шарасын өткізді. Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Оқушылардың сағат 23.00-ден соң ата-ананың қарауынсыз көшеде жүру мәселесі;
2.Оқушылардың каникул кезіндегі өмірқауіпсіздігі, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауы, көктемгі қарғын судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселесі.
3.Оқушылардың сабақтан кешігу,форма сақтау, сабақ үстінде және үзіліс кезіндегі тәртіп бұзу, мемлекет мүлкіне зиян келтіру мәселесі;
4. Буллинг түрлері,әлімжеттік жасау арқылы ақша бопсалаудың заң алдындағы жауапкершілігі .
Апта бойында құқық бұзушылық бойынша өрескел заң бұзу фактісі болған жоқ.
”19 наурыз – Жаңару күні” аясында 8 “Ғ” сынып оқушылары сынып жетекшісімен бірге гүл отырғызды.Табиғатпен үндесіп, жаңа өмірге бастау болған бұл игі іс қоршаған ортаны көгалдандырумен қатар, оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін арттырып, табиғатты аялауға тәрбиелейді. Әр отырғызылған гүл – жаңарудың, үміттің және жақсылықтың символы.
https://www.instagram.com/reel/DHYZ9xlN1Gg/?igsh=MWo2bTdrMjdrYnljZw%3D%3D
19 наурыз. Қазақтың Ұлы Даласында әл-Фараби мен Яссауи, Күлтегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар дүниеге келді. Осы орайда ұлыларымызды өскелең ұрпаққа таныту мақсатында тарих пәнінің ұйымдастырумен «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты шара болып өтті.
Наурыз мерекесіне орай 2025 жылғы 20 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 11.00-де Қараөткел ауылының ІТ мектеп -лицейінде «КҮЙ КҮМБІРІ» республикалық домбырашылар челленджіне шәкірттеріміз қатысты.Челленджде жас домбырашылармыз «Балбырауын» күйін тартты.
Мақсаты: Отанын, ұлттық құндылықтарды брйына сіңірту, оқушыларды халық музыкасын, мәдениеті мен өнерін түсініп, бойына сіңіре білуге дағдыландыру.
https://www.instagram.com/reel/DHZ5ygTNyu8/?igsh=eDhla3BkcWlxYnRh
Наурыз мерекесіне орай сыныптар арасында шара болып өтті.Сондай-ақ, акт залында мектеп ұжымына арналған мерекелік шара болып өтті.
ТІМ А.Құмарбекұлы