Бүгін - мектебіміздің тарихындағы тағы бір жарқын бет! Бүгін 11 жыл бойы білім мен тәрбиенің биік шыңына бірге шыққан түлектерімізді үлкен өмірге шығарып салатын қуанышты күн. Осы оқу жылында мектебімізден 88 түлек қанат қағып ұшқалы тұр. Олардың ішінде :
- 4 түлек - "Алтын белгі" иегері
-5 түлек - үздік "Қызыл аттестат" иегері атанып, мектебімізщдің абыройын асқақтатты.
Бұл оқушылардың табандылығы мен тынымсыз еңбегінің, ата-ананың ақ тілеуі мен қолдауының, ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігінің жемісі.
Қымбатты түлектер!
Сіздерге табысталатын аттестат - тек білім куәлігі ғана емес, сіздердің мектеп қабырғасында жинаған тәжірибелеріңіздің, армандарыңыздың, бала шақтарыңыздың куәсі.
Сеніммен айта аламыз - болашақ сіздердің қолдарыңызда! Жолдарыңыз ашық, сапарларыңыз сәтті болсын!