Мектеп демалысының бірінші күні 2024 жылғы 28 қазанда ҚР МАМ КК "Бозоқ" мемлекеттік мәдени тарихи-мәдени музей қорының кеңсесінде "Бозоқ - білім аумағы" мәдени-білім беру платформасы аясында Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылының ІТ мектеп-лицейінің білім алушылары үшін Қазақстан Республикасы күніне арналған музей сабағы өтті. "Бозоқ" музей-қорының ғылыми қызметкерлері Жанболат Қазанбаев көлемді маккет негізінде Бозоқ ашық аспан астындағы Ұлттық паркін құру жобасы туралы айтып берді. Мектеп лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Ләззат Кошербаевна орта буын оқушыларын музей сабақтары, экскурсиялар арқылы ел тарихын терең зерттеуге тартты. Музей сабағы білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу процесін белсенді, мазмұнды, танымдық іс-әрекетке қанықтыру үшін үлкен мүмкіндіктер береді.