«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қараөткел ауылының ІТ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ  «ІТ школа-лицей села Караоткель отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Мы в соц.сетях

  Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Зерде» ХХ республикалық зерттеу жобалары байқауының облыстық кезеңінен жүлделі ІІ, ІІІ орындар

12.11.2024

2024 жылғы 10 – 12 қараша аралығында Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» ХХ республикалық зерттеу жобалары байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты - балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Байқаудың міндеттері – зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету, оқушылардың үздік жетістіктерін бағалау және насихаттау, қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту мәселесіне көпшіліктің назарын аудару. Аталмыш байқауға 211 зерттеу жобасы тапсырылып, оның ішінде 136 зерттеу жобалары сараптамадан өтті. Байқауға 17 ауданнан, Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан барлығы 156 оқушы қатысты. Ақмола облысы Дарын,Зерде ғылыми жоба бойынша оқушылар жүлделі орындарға ие болды. Қараөткел ІТ мектеп-лицейі оқушысы Бахытқызы Аружан ІІ орын жетекшісі: Шайменова Н.Н., Ибрагимов Інжу III орын жетекшісі: Алек Х.,Үсенова Саяна III орын.Жетекшісі: Самихан Б.Шын жүректен құттықтаймыз!!!

Просмотров: 103


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст