«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қараөткел ауылының ІТ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ  «ІТ школа-лицей села Караоткель отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Мы в соц.сетях

  Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Кемел” әдістемелік бірлестігінің он күндігінің ашылу салтанаты

15.11.2024

Қараөткел ауылы IT мектеп - лицейінде 11.11-22.11.2024 ж.күндер аралығында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті “Кемел” әдістемелік бірлестігінің он күндігі ұйымдастырылды. Қараша айының 11 күні “Кемел” әдістемелік бірлестігінің он күндігінің ашылу салтанаты өтті. Мектептегі барлық мұғалімдер мен оқушылар  іс-шараға белсене қатысты. Ашылу салтанаты кезінде қызықты викториналық сұрақтар, мақалдың жалғасын тап, қолшатыр әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру, суреттер сөйлейді, сұраққа жауап беріп алманы ал т.б көптеген әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар мен мұғалімдердің қаншалықты білімді, парасатты екендігі көрініп сұрақтарға дұрыс жауап беріп сыйлықтарға ие болды. Он күндіктің жоспары бекітіліп, ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізіліп жатыр. Жетекшісі: Алданыш Майрагуль

Просмотров: 73


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст