2024 жылдың 15 қараша күні Қараөткел ауылы IT мектеп - лицейінде “Кемел” әдістемелік бірлестігінің он күндігіне байланысты, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Аубакиров С.Т , Жармағанбет Д.Б ұйымдастыруымен 7 сыныптар арасында “Білгірлер” сайысы өткізілді.
Мақсаты:
1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін жақсы меңгерген оқушыларды анықтау;
2. Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыру;
3. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Сайысқа 7а,7б,7г,7ғ сыныптарынан 4 топ болып, 12 оқушы қатысты.
Сайыс 5 кезеңнен құралған:
1 кезең. “Таныстыру”
2 кезең. “ Менің елім-Қазақстан” тақырыбына эссе жазу.
3 кезең. “Бәйге”(сұрақ-жауап)
4 кезең. “Кім жылдам” “Қанағаттанарлық”сөзінен бірнеше сөз құрау.
5 кезең. “Тапқырлық” (мақал-мәтел жалғасын табу).
Сайысқа аталған сыныптардың оқушылары белсенді түрде қатысып, өз білімдерінің деңгейін және ой ұшқырлығын көрсете білді.
Сайыс қорытындысы бойынша 7ғ сыныбының “Тапқырлар” тобы “Бас жүлде”, 7б сыныбының “ Морфология” тобы 1 орын,
7г сыныбының “Жалын” тобы 2 орын және 7а сыныбының “Қыран” тобы 3 орынға ие болды. Жүлделі орын алған оқушыларға сыйлықтар беріліп, дипломмен марапатталды.