"Мектеп кітапханасына кітап сыйла" акциясы туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер.
1.1. Осы ереже акцияның мақсаттары мен тәртібін анықтайды
1.2. Акцияның мақсаты: мектеп кітапханасының қорын толықтыру
1.3. Мектеп кітапханасының қоры көркем, ғылыми-көпшілік, энциклопедиялық басылымдар мен балалар әдебиетімен толықтырылады
1.4. Сыйға тартылатын кітаптың жағдайы жақсы болу керек
1.5. Кітаптар ақысыз негізде қабылданады
1.6. Сыйға тартылатын кітаптардың саны шектелмеген
1.7. Кітапханаға сыйға тартылған кітаптар айырбастауға және қайтаруға жатпайды
1.8. Кітапханаға сыйға тартылған кітаптар "Мектеп кітапханасы туралы ережеге" сәйкес тіркеліп, рәсімделеді.
2. Акцияны ұйымдастыру және өткізу тәртібі
2.1. Акция 18-22 қараша аралығында өтеді.
2.2. Акция туралы ақпарат мектеп ұжымы чатына,сынып жетекшілер чатына және мектептің ресми сайты мен инстаграм парақшасында жарияланады.
2.3. Білім беру үдерісіне қатысушыларды Акцияның нәтижелері туралы ақпараттандыру 2.2-тармақта көрсетілген арналар арқылы жүзеге асырылады.
3. Акцияға қатысушылар.
3.1. Мектептің 1-11 сынып оқушылары.
3.2. Мектеп ұстаздары.
4. Акцияға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері.
4.1. Акцияға қатысу тек ерікті түрде жүзеге асырылады.
4.2. Оқушылардың кітаптарды сыйға тартуы ата-аналардың ауызша келісімімен жүзеге асырылады
4.3. Акция қорытындысы бойынша ең белсенді 3 қатысушы анықталып құрмет грамотасымен марапатталады және барлық қатысушылардың кітаптары бар фотосуреттер #кітапханағакітапсыйла #подарибиблиотекекнигу хештегімен инстаграм парақшасына орналастырылады.
Осыған орай “Кітапханаға кітап сыйла” акциясының шымылдығын ашып берген 10”А” сыныбына алғыс білдіреміз. Сіз сыйлаған әр кітап өз оқырманын табатынына сенімдіміз!