Қараөткел ІТ мектеп-лицейінде бүгін ата-аналарға арналып ашық есік күні ұйымдастырылды. Ашық есік күнінің мақсаты:ата-аналарды мектептегі оқу-тәрбие жұмысындағы жаңартылған білім беру мазмұнымен жақынырақ таныстыру және мектептегі іс-шараларға белсене араласуға тарту. Барлық пәндер бойынша ата-аналар сабақтарға қатысып, сабақта қандай әдіс-тәсілдер қолданылатынын білді .Ұл-қыздарының мектептегі өмірімен жақынырақ танысуға ата-аналармен бірге әкелер де де қызығушылық танытты.
Мектеп — жас ұрпаққа білім, тәрбие беретін мекеме. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған оқушылар, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығады. Сондықтан, сабаққа қатысқан ата-аналар, ұстаздар қауымының, сабақтарды жаңаша әдіс-тәсілдерді қолданып өткізген сәттері қатты қызықтырғанын атап өтті. Қай сабақ болмасын мұғалімдердің сабақ түсіндіру барысы, сабаққа жаңаша әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер, жасанды интеллект т.б. қолданатыны көрініп ақ тұр деген пікірлер ата-аналар тарапынан айтылып, мұғалімдерге рахметін айтып кетті.
Білімді, дені сау ұрпақ тәрбиелеп, ата-бабаларымыздан қалған мол рухани ұлттық мұраны келешек ұрпақтың бойына дарыту –мектептегі ұстаздар қауымының басты міндеті.