Ағылшын тілі пәнінің онкүндігі аясында 14.01.2025жылы сағат 10:30да 5 сыныптар арасында фонетикалық "Spelling bee" сайысы өтті. Мақсаты:
*Оқушылардың сөздік қорын кеңейту, сөйлеу және оқу дағдыларын жетілдіру.
*Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту.
*Мәдениетаралық танымды дамыту, тыңдау және сөйлеу арқылы шығармашылықпен мәселелерді шешу.
Сайысқ 4 кезеңнен тұрды:
1.Warm-up Station — What words are hidden?
2.Words Spelling Station — Who’s the fastest?
3.Twisters Station
4.Final Station of Phonetic
Сайыс нәтижелері бойынша:
3-орын: 5 "Ғ" (LINGUA KIDS) және 5 "Ә" (BOOKWORM)
2-орын: 5 "Б" (FRIENDS) және 5 "А" (DIAMONDS)
1-орын: 5 "В" (QUEEN BEE) топтары иеленді
Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін шығармашылық тұрғыда көрсете білді. "Spelling Bee" сайысы қатысушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыруға және фонетикалық қабілеттерін дамытуға ықпал етті деген сенімдеміз.
Жауапты мұғалімдер: ағылшын тілі пәні оқытушылары Аяулым Болатқызы және Ақмаржан Абдимәлікқызы