«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қараөткел ауылының ІТ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ  «ІТ школа-лицей села Караоткель отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Мы в соц.сетях

  Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"ЖАЙЛЫ МЕКТЕП : концепциядан тәжірибеге дейін" директорлар семинары

31.03.2025

"ЖАЙЛЫ МЕКТЕП : концепциядан тәжірибеге дейін"
27-28 наурыз күндері Астана қаласында өткен республика көлемінде ашылған 78 жайлы мектеп директорларының семинары өтті.      Ортақ диалог алаңында пікір алмасуы - ХХl ғ Қазақстанның жаңа мектебін қалыптастырудың алғашқы маңызды қадамы болды деп есептеймін!
«Жайлы мектеп» – білім берудің жаңа мәдениеті. 
   Мұндай мектептер    балалардың өзін жайлы сезінуіне, сапалы білім алуына және жеке дамуына ықпал етеді. 
Бұл жоба Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңа деңгейіне көтеретін үлкен қадам.
Ы. Алтынсарин ат. Ұлттық білім академиясының Президенті Тыныбаева Мадина Ағланқызының айтуы бойынша жайлы мектеп тұжырымдамасы, білім сапасын арттырудың стратегиялық құралы, бағалау мен мониторингті дамыту, кадрларды басқарудың тиімділігін бағалау, нормативті құжаттардағы өзгерістер, “АДАЛ АЗАМАТ“ мектеп түлегінің моделі туралы ақпараттар, Microsoft, Google for Education мектеп оқу - тәрбие жүйесіне тигізетін ықпалы мен тиімділігіне талдау жасағанымыз тек оқушы үшін емес, мұғалім үшін де жайлы орта қалыптастыру болып табылатынын ұғындым. 
 Оқу - ағарту министрі Ғани Бектайұлының Президентіміз Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен іске асқан ұлттық жоба аясында салынған жаңа жайлы мектептердің жұмысын барынша табысты тұлға дайындап шығару, келешек алдында жауапты, стратегиялық жобаларды іске асыруын жүктеді.
  Бала жетістігінің басты кілтіне айналар мектеп миссиясының орындалуы, КӨШБАСШЫ ретінде ұжымды шыңға жетелейтін тұлға ретінде САЛМАҒЫ АУЫР ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ жұмысымыз болашақтың жемісіне, жетістігіне айналсын!
 🏬Қараөткел а.ІТ МЛ директордың м.а     С.Тасыбай

Просмотров: 52


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст