Текст
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірлігінің Орта білім беру комитеті 2025 жылғы 31наурыз, сағат 15.00-де ZOOM платформасында Оқу-ағарту министрі Ғани Б. Бейсембаевтың Ұлттық жоба аясында салынған жайлы мектеп ұжымымен кездесуі өтті.
Білім сапасын арттыру жолында жаңа міндеттер мен мақсаттарды айқындап берді. Қараөткел ауылының ІТ МЛ ұжымы бұл кездесуден үлкен ой түйіп, терең ізденіспен, табандылықпен жұмыс істеуге ниеттеніп отыр.
Әрбір ұстаз сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолында жаңашылдыққа ұмтылып, ортақ мүдде, мақсат үшін аянбай еңбек етуге дайын.
Алдағы уақыттарда бірлесе атқаратын жұмысымыз нәтижелі болсын!
Қараөткел а.ІТ МЛ директордың м.а С.К. Тасыбай