«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қараөткел ауылының ІТ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ  «ІТ школа-лицей села Караоткель отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Мы в соц.сетях

  Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2 сәуір – халықаралық балаларға арналған кітап күні

10.04.2025

                       Халықаралық балалар кітабы күні

 

    2 сәуір – халықаралық балаларға арналған кітап күні. Бұл күн 1967 жылы халықаралық балалар кітабы кеңесі тарапынан белгіленген және жазушы Ханс Кристиан Андерсеннің туған күнімен байланыстырылған. Оның ертегілері әлемнің әртүрлі тілдеріне аударылған және балалық шақтың классикалық шығармалары болып саналады.

Қазақстанда балалар әдебиетінің дамуы маңызды мәселе болып табылады. Елде көптеген жас жазушылар мен ақындар балалар үшін шығармалар жазуда. Қазақ әдебиетінде балаларға арналған ертегілер мен әңгімелердің маңызды орны бар.

Елімізде бұл күнді атап өтуде түрлі іс-шаралар, кітап көрмелері, шығармашылық байқаулар ұйымдастырылады. Балаларға арналған кітаптар мен ертегілердің маңызы зор, өйткені олар жас ұрпақтың ой-өрісін дамытуға көмектеседі.

  Мектеп кітапханасында осы мерекеге орай 3а және 3г сынып оқырмандарын кітапқа деген қызығушылығын арттыру ,балаларды ертегі арқылы мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу мақсатында іс- шара ұйымдастырылды.

Оқырмандар өз оқыған кітаптарымен бөлісіп, дауыстап оқып, ертегі кейіпкерлерімен танысты.

 

Просмотров: 168


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст