15.04.2025
Бүгін мектебімізде 4 сыныптар және 9 сыныптар арасында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау мониторинг тестілеуі өтті. Сыныптардағы оқушылар генератор арқылы іріктелініп алынды.
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ) білім беру ұйымдарынан тәуелсіз тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім алушылардың білім сапасын жүйелі бақылау болып табылады. ББЖМ кейіннен әдістемелік көмек көрсете отырып және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, тестілеу нәтижелерін дайындауды және жүргізуді, өңдеуді және жүйелі талдауды қамтиды. Бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ МЖБС талаптарына сәйкес білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі.