«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қараөткел ауылының ІТ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ  «ІТ школа-лицей села Караоткель отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Мы в соц.сетях

  Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорық «БОЗОҚ»

13.05.2025

«ТҮНГІ БОЗОҚҚА САЯХАТ: АЛАУ АЯСЫНДАҒЫ АҢЫЗДАР» атты фестиваль өткізеді!

Фестиваль археологиялық парк «Бозоқ» орналасқан ОҢТҮСТІК КІРІС ПОРТАЛЫ маңында, ҮРКЕР мен ҚАРАӨТКЕЛ тұрғын алаптарының арасында өтеді. Мерекелік бағдарламасына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, ғалымдар, археологтар, этнологтар, шығармашылық интеллигенция өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, тарих пәні мұғалімдері, мектеп оқушылары мен колледж студенттері, мәдениет қызметкерлері және кең қауым өкілдері қатысады.

Халықаралық музейлер күніне орай, Мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорық «БОЗОҚ»  фестивалі 13 мамыр күні өткізлді. Мектебімізден тарих пәнінің мұғалімдері, бастауыш сыныптың мұғалімдері оқушылар барып тмашалап қайтты.

«Бозоқ» музей-қорығы мен Роза Бағланова атындағы «ҚАЗАҚКОНЦЕРТ» Орталық концерт залы бірлесіп «ДӘСТҮРЛІ ӘНШІЛЕР» концерттік бағдарламасын ұсынады — халықаралық байқаулар мен сыйлықтардың лауреаттары, дәстүрлі қазақ вокал өнерінің шеберлері (КҰМАРБЕК ҚАЛҚАТАЙ, ДӘРИЯ БЕКПЕНБЕТ, АСҚАР МҰҚИЯТ, АЙЗАТ ҚАРАБЕК).

Археологиялық парк тарихында алғаш рет «Бозоқ» ескерткішінің оты жағылып, қазіргі Астананың мыңжылдық ізашар болып табылатын қасиетті орынның символикасы таныстырылады. Өртті жағу рәсіміне Есіл археологиялық экспедициясының қатысушылары, К.А. Ақышев атындағы Археология ғылыми-зерттеу институтының директоры — МАРАЛ ҚАЛЫМЖАНҚЫЗЫ ХАБДУЛИНА қатысады. Бозоқ ескерткішінің сонымен қатар қасиетті орын болып табылатындығын ескере отырып, «АЛАСТАУ» көне ғұрпы жүргізіледі, оны еліміздің жетекші этнологтарының бірі — ЗҰБАЙДА ҚАБИҚЫЗЫ СҰРАҒАНОВА өткізеді. Іс-шараның кульминациясы ретінде «Бозоқ» отының жанында аңыздар түнін өткізу жоспарлануда, онда археологтар мен тарихшылар Ұлы даланың мұрасы туралы әңгімелер мен аңыздарды бөліседі.

Баршаңызды «ТҮНГІ БОЗОҚҚА САЯХАТ: АЛАУ АЯСЫНДАҒЫ АҢЫЗДАР» мерекелік түнін тамашалауға шақырамыз!

Просмотров: 16


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст