Текст
20-21 мамыр күндері мектебімізде "Қош бол, бастауыш" атты ертеңгілік өтті. Іс-шараға барлық бастауыш сыныптар белсене қатысып, өздерінің өнерлерін 4 жыл бойы білім берген сынып жетекшілеріне рахмет алғыстарын білдірді. Бүгінгі күн көңілге қимастық сезімін ұялатты. Алғашқы әріпті үйретіп, білімге деген алғашқы сүйіспешілікті оятқан бастауышпен қош айтысу оңай емес. Бұл - балалықтың бал дәуренімен, әр күнге шуақ шашқан ұстаздармен, көңілді сәттермен қоштасу сәті. Әр парағы естелікке толы, төрт жылодың әр күні жүректе сақталатын күн. Енді сіздерді жаңа белестер, жаңа пәндер күтіп тұр. Сәт сапар, бастауыш түлектері !