Текст
Жұлдызы жарқырап, биік белестерді бағындырған озаттарымызды марапаттау - біздің мақтанышымыз! Қараөткел ауылының ІТ мектеп лицейі білім ордасы облыстық, аудандық, республикалық, қалалық, пән олимпиадаларында, спорттық және шығармашылық жарыстарда озық нәтиже көрсеткен оқушыларын ерекше құрметпен марапаттайды. Сіздердің талпыныстарыңыз бен табандылықтарыңыз - мектебіміздің абыройын арттырып, болашаққа сеніммен қарауға жол ашады. Бүгінгі "Жұлдызды шеру" - сіздердің жарқын жетістіктеріңіздің куәсі. Талант пен талап тоғысқан бұл күн - жаңа жетістіктерге бастайтын алғашқы қадам!
Құттықтаймыз! Жұлдыздарыңыз әрдайым жоғары жарқырай берсін!