Текст
Бүгінгі күн- кішкентай жүректердің үлкен әлемге алғашқы қадамын жасаған күн. Мектепалды даярлық сыныбын тәмамдап, балалық шақтың жаңа белесіне аяқ басып отырған бүлдіршіндерімізді шын жүректен құттықтаймыз.! Бір жыл ішінде олар әріп танып, сан санап, достықтың қадірін біліп, тәртіп пен тәрбиеге үйренді. Бұл жолда оларға бағыт көрсеткен аяулы тәрбиешілер мен ұстаздарға алғысымыз шексіз. Балаларымыздың болашағы жарқын, армандары асқақ болсын! Келешекте еліміздің мақтанышы боларына сеніміміз мол. Бүгінгі кеш - сол үміттің алғашқы қуанышы!
Құтты болсын, алғашқы қадам!