«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қараөткел ауылының ІТ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ  «ІТ школа-лицей села Караоткель отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Мы в соц.сетях

  Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хабарландыру

05.08.2024

«Қараөткел ауылының ІТ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне

5-8 лицей сыныптарына оқушыларды қабылдау туралы

 

ЕРЕЖЕ

1-бөлім. Жалпы ережелер.

1.1. «Қараөткел ауылының ІТ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 5-8 лицей сыныптарына оқушыларды қабылдау туралы осы ереже (бұдан әрі-ереже) мынадай нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде әзірленді:

- Қазақстан Республикасының Конституциясы;

- «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы;

- «Бала құқығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (8 тамыз 2002 жыл №345);

- Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №127 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 тамыздағы №248 қаулысына өзгеріс енгізу туралы жарлығы;

- 16.08.2017 жылғы №611 «Балалар мен жасөспірімдерге тәрбие мен білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелер;

- «Қараөткел ауылының ІТ мектеп-лицейі» КММ Жарғысы;

1.2. Ереженің мақсаттары:

- Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;

- Құжаттарды қабылдауға ұсыну мерзімдері мен шарттарын және оқу сыныптарын қалыптастыру тәртібін белгілеу.

1.3 Оқушыларды 5-8 лицей сыныптарына қабылдауды уақытылы әрі сапалы, жауапкершілікпен жүзеге асырып  ұйымдастыру лицей директорына жүктеледі.

 

2-бөлім. Қабылдау іс-шараларын ұйымдастыру

2.1. Лицей сыныптарына оқушыларды іріктеуді жүзеге асыру үшін  «Қараөткел ауылының ІТ мектеп-лицей» КММ директорының бұйрығымен қабылдау комиссиясы құрылады.

Қабылдау комиссиясының құрамына мектеп-лицей директоры, оқу-тәрбие ісі бойынша директордың орынбасары, пән мұғалімдері, психолог кіреді.

Қабылдау комиссиясының төрағасы лицей директоры болып табылады.

2.2. Мектеп сайтына лицей сыныптарына қабылдау туралы Ереже мен хабарландыру салынады.

2.3. Тестілеу сұрақтары білім бөлімінен алынады.

3 бөлім. Тестілеу емтиханына құжаттар қабылдаудың тәртібі мен мерзімдері

3.1.  5-8 лицей сыныптарына балалардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен өтініш қабылдау ағымдағы жылдың 5 тамызынан бастап 16 тамызы аралығында жүргізіледі.  Өтінішті «өте жақсы» және «жақсы» оқитын оқушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері жаза алады.  1-қосымша

Өтініштерді қабылдау жұмыс күндері 09.00-13.00, 14.00-18.00 аралғында қабылданады. Өтініштерді қабылдайтын мекен-жай: Қожа Ахмет Яссауи к. 9Б, «Қараөткел ауылының № 1 ЖОББМ» КММ.

3.2. Балаларды лицей сыныбына қабылдау үшін ағымдағы жылдың 20 тамыз күні сағат 09.00-де тестілеу  емтихандары өткізіледі.

3.3. Лицей сыныптарына түсушілерге арналған тестілеу:

5-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 40 сұрақтан тұрады:

математикалық сауаттылық  20 сұрақ;

оқу сауаттылығы 20 сұрақ.

6-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 50 сұрақтан тұрады:

жаратылыстану 10 сұрақ;

математикалық сауаттылық  20 сұрақ

оқу сауаттылығы 20 сұрақ.

7-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 55 сұрақтан тұрады:

биология  15 сұрақ;

математикалық сауаттылық  20 сұрақ

оқу сауаттылығы 20 сұрақ.

8-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 55 сұрақтан тұрады:

физика  15 сұрақ;

математикалық сауаттылық  20 сұрақ

оқу сауаттылығы 20 сұрақ.

3.4. Тестілеуге бөлінген уақыт:

 5-сыныпта 60 минут

 6-сыныпта 90 минут

 7- сыныпта 90 минут

 8-сыныпта 90 минут

(тест материалдарын тарату, жауап парағының бөлімдерін толтыру, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарының уақыты көрсетілген уақытқа кірмейді).

3.4. Тестілеу нәтижесі:

Лицей сыныбына қабылдау тестілеудің нәтижесіне байланысты шешіледі. Үміткер жалпы сұрақтың 70% жауап беруге тиісті.

3.5.  Тестілеу нәтижелері  хаттамамен рәсімделіп, ата-аналарға (заңды өкілдерге) таныстырылады.

3.6.  Білім беру ұйымы лицей сыныптарына қабылдау туралы бұйрықты ағымдағы жылдың 23 тамызынан кейін шығарады. Лицей сыныптарына қабылданған оқушылардың ата-аналарына хабарлама жіберіледі.

3.7. Сыныптағы оқушы саны 20 оқушыны құрайды.

 

4-бөлім. Ата-аналармен (заңды өкілдермен) жұмыс

4.1. Тестілеуге тіркеу жүргізу кезінде ата-аналарды (заңды өкілдерді) осы Ережемен таныстыру.

5-бөлім. Осы Ереженің орындалуын бақылау

5.1. Балалармен тестілеу өткізу, сыныптарды қалыптастыру жауапкершілігі лицейдің келесі мамандарына жүктеледі: пән мұғалімдері, мектеп психологы, медицина қызметкері.

5.2. Лицей сыныптарына қабылдау мен қалыптастыруды бақылау мектеп-лицейдің оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарына жүктеледі.

 

Просмотров: 119


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст